Қоғамдық Кеңес отырысы
2025 жылдың 15 қыркүйек айында, сағат 11:00-де Жарма ауданы әкімдігі ғимаратының Кіші залында, Жарма аудандық мәслихат төрағасы М.Оспанбаевтың қатысуымен Абай облысы Жарма ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысында: «Жарма ауданы әкімдігінің жанындағы жер бөлу комиссиясының жұмысы туралы» Жарма ауданы әкімінің орынбасары – Сакен Альмухамбетович Сатпековтың баяндамасы, «Аудандық маңызы бар жолдарды қалыпта ұстау бағытында атқарылған жұмыстар туралы» «Абай облысы Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды-шаруашылық, жолаушылар тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы – С.Төлеубекұлының баяндамасы және «Кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің 2025 жылғы төртінші деңгейлі бюджет қаражатының игерілуі мен бағыты туралы» ауданның аумақтық бірлік әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау барысында Кеңес мүшелерімен көтерілген мәселелер жөнінде мекеме басшыларына және аумақтық бірлік әкімдеріне тиісті ескертулер мен ұсыныстар ұсынылды. Ауданның елді мекендеріндегі өзекті мәселелердің шешілу жолдары талқыланды.