Жәнібек аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының кезекті отырысы мен аудандық мәслихаттың кезекті 33-ші сессиясы оздырылды

Жәнібек аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының кезекті отырысы мен аудандық мәслихаттың кезекті 33-ші сессиясы оздырылды

  2025 жылғы 15 мамырда Біржан Қайырғалиұлы Куаналиевтің төрағалығымен Жәнібек аудандық мәслихатының «Әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясымен «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының ағымдағы жылғы кезекті бірлескен отырысы өтті.

        

Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Ж.Ахметов, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Хамидуллин, аудандық мәслихат төрағасы Т.Кадимов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Е.Илимисов, «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Ихсанов, екі тұрақты комиссия мүшелері, аудандық кірістер басқармасы басшысының м.у.а. З.Кубаева, аудандық дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің әкімідері, БАҚ өкілдері қатысты.

        

 Күн тәртібінде Жәнібек ауданының 2024 жылға арналған аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалулары туралы мәселелері қаралды. Аталған отырысқа Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Хамидуллин қатысып, 2024 жылға арналған бюджжердің орындалу нәтижелеріне оң бағасын және тиісті ұсыныстарын берді. Бұдан басқа Борсы ауылдық округінің ағымдағы мерзімдегі әлеуметтік – эканомикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы Борсы ауылдық округінің әкімі З:Бақтығалиевтің есебі тыңдалып, аудан әкімінің ұсынысы бойынша жерлесіміз, аудан жастарының бойына азаматтық, адамгершілік, патриоттық қасиеттерді сіңірген және ауданның рухани дамуына зор үлесін қосқан үшін Қажмұқан Елтайұлы  Ғилмановқа «Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі қаралды.   

        Күн тәртібіндегі мәселелер толықтай талқыланып, бекіту үшін алдағы сессияның күн тәртібіне жолданды. Кейін Жәнібек аудандық мәслихатының кезекті 33-ші сессиясы өтіп, тұрақты комиссиялардың күн тәртібіндегі мәселелері депутаттар тарапынан қолдау тауып, бекітілді.