ЖӘНІБЕК АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ТӨРТ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

ЖӘНІБЕК АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ТӨРТ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ТӨРТ МӘСЕЛЕ

​Бүгін аудан әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оны кеңес төрағасы Ескендір Елемесов жүргізіп отырды. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов пен кеңес мүшелері қатысты.

Отырыс барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Лаура Насырова сөз алып, ауылдық аймақтардың санитариялық жағдайы туралы хабарлама жасады.

Аудандық аурухана директорының орынбасары Дәрмен Келдібектің сөзіне сүйенсек, ауданда соңғы бес жылда халық санының төмендеу үрдісі байқалады. Ауданның медициналық қызметкерлермен қамтылуы 10 мың адамға шаққанда – 16,7, орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілуі – 99,7 пайызды құрайды. Кадрлар тапшылығы алты дәрігерді құрап отырған көрінеді.

Отырыста сондай-ақ аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Руслан Нұралиев мәдениет және демалыс саябағы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндаса, Жәнібек ауылдық округінің әкімі Ғибрат Айтқалиев ауылдың санитариялық тазалығы мен елді мекенді көркейту туралы айтып өтті.

Жиында хабарламашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.