28 сәуір күні аудан әкімдігінде облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Атауовтың қатысуымен жиын өтті. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Тимур Шиниязов облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері ауданымызға іссапармен келіп, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесуді жоспарлағанын айтып, келген қонақтарды таныстырды.
Сонымен қатар басқосуға облыстық қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жастар мәселесі бойынша комиссиясының төрағасы Элгун Джаналиев, аталмыш кеңестің тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бойынша комиссиясының төрағасы Нұрлан Сәдір, құқыққорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Манарбек Ғабдуллин, қоғамдық кеңестің хатшысы Аңсар Неғметуллин, сондай-ақ аудандық мәслихаттың төрағасы Т.Қадимов, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері мен ауыл әкімдері қатысты.