Жәнібек ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы Жәнібек аудандық мәслихатының хабарламасы

Жәнібек ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы  Жәнібек аудандық мәслихатының  хабарламасы

Жәнібек ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы  Жәнібек аудандық мәслихатының  хабарламасы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты  учаскелік  сайлау комиссияларының құрамына  қосымша  сайлау туралы  хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер; 

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері;

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 25  ақпаннан бастап 2026 жылғы 12 наурызға  дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:00-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

Учаскелік  сайлау  комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Жәнібек аудандық мәслихаты мына мекенжайда қабылдайды: 090500 БҚО Жәнібек ауданы, Иманов көшесі,71, №1 кабинет.

Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты –аудандық мәслихат аппаратының басшысы Н.К.Уәлиева, байланыс телефондары: 8(71135)21639, 8(71135)21440,   эл. пошта: zhanybekmaslyhat@mail.ru

 

Учаскелік   сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы мәлімет

№ р/с

Сайлау комиссиясының атауы

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Бос орындар саны

1

учаскелік

136

Жәнібек ауылы, Жеңіс көшесі 2, Т.Жароков атындағы ЖОББМ ғимараты.

1

2

учаскелік

141

Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылы, Мектеп көшесі 19,  мәдениет үйі ғимараты.

1

3

учаскелік

143

Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы, Абай көшесі 13, мәдениет үйі ғимараты.

1

4

учаскелік

147

Жәнібек ауданы, Тау ауылы, Абай көшесі 8, мәдениет үйі ғимараты.

1

5

учаскелік

150

Жәнібек ауданы, Тегісшіл ауылы, Ғ.Қараш 12, ЖББ негізгі мектеп ғимараты.

3

6

учаскелік

154

Майтүбек ауылы, Достық көшесі 16/2, медициналық пункт ғимараты.

1