📍20 қаңтарда аудандық мәслихат ғимаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ескендір Елемесовтың төрағалығымен биылғы жылдың алғашқы кеңес отырысы өтті.
Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері мен дербес бөлім басшылары қатысты .
Жиында Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Ғазезов ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді жалға беру бойынша конкурсқа шығаруға жоспарланған жер телімдерінің тізімін бекіту туралы айтса, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Нұрлан Аяпов Жәнібек ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі хақында баяндады. Сонымен қатар отырыста Жәнібек аудандық қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.
Баяндамашыларға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар қайтарылды.
Ескендір Кафарұлы аталған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімін алып, сессияға жолданды.