
📍Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ескендір Елемесовтың төрағалығымен аталған кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов, Қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кеңес отырысында аудан көлеміндегі маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет шешіміне өзгерістер енгізу, 2026–2028 жылдарға арналған Жәнібек аудандық бюджеті, 2026–2030 жылдарға арналған ауданның даму жоспары, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев баяндама жасап, ауылдық округ әкімдері өз бағыттары бойынша хабарламалар ұсынды. Отырыс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен ұсыныстар одан әрі қаралуға жолданды.