Бүгін аудан әкімдігінде қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған Қоғамдық кеңес төрағасы Е.Илимисов, аудан әкімінің орынбасары М. Бисенов, ауылдық округ әкімдері мен кейбір әкімдердің міндетін атқарушылар және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде: «2025 - 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы, ауылдық округтерінің Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және Жәнібек ауданының елді мекендерінде салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффицентін бекіту туралы мәселелері қаралды.
Аталған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері хабарлаушыларға сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, жобаларға келісімдерін берді.