Ағымдағы жылғы 5 қыркүйекте Жәнібек аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының кезекті бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1.Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2.Жәнібек ауданы әкімдігінің құрамы туралы.
3.Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қарашадағы №12-3 «Аудандық терроризмге қарсы комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер толықтай талқыланып, бекіту үшін алдағы сессияның күн тәртібіне жолданды.