Ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте Жәнібек аудандық мәслихатының кезектен тыс 38-ші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2.Жәнібек ауданы әкімдігінің құрамы туралы.
3.Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қарашадағы №12-3 «Аудандық терроризмге қарсы комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелердің барлығы қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданды.