ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
5 қыркүйекте аудандық мәслихат ғимаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ескендір Елемесовтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті.
Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері мен дербес бөлім басшылары оффлайн, ауылдық округ әкімдері Zoom арқылы онлайн қосылды. Кеңес отырысында үш мәселе қаралды. Алдымен Жәнібек аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №14-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу турасында Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Айгүл Абдуллина баяндаса, Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылдың 27 желтоқсандағы «2025 - 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы, ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде ауылдық округ әкімдері айтып өтті.
Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Ғазезов Жәнібек ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту және шекараларын белгілеу хақында айтты.
Кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Ескендір Кафарұлы аталған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімін алып, сессияға жолданды.