ЖӘНІБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ
2025 жылғы 4 қыркүйек №43
Жәнібек аудандық мәслихатының
кезектен тыс 38 сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Жәнібек аудандық мәслихатының кезектен тыс 38-ші сессиясы 2025 жылдың 9 қыркүйек күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залына сағат 10 00 -ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:
1.Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2.Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов