Жәнібек аудандық мәслихатының кезекті 37 сессиясын шақыру туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының  кезекті 37 сессиясын шақыру туралы

ЖӘНІБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

2025 жылғы 8 тамыз                                     №42

 

Жәнібек аудандық мәслихатының

кезекті 37 сессиясын шақыру туралы    

  

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

       Жәнібек аудандық мәслихатының кезекті 37-ші сессиясы 2025 жылдың 19 тамыз күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залына сағат 10 00 -ге шақырылсын.

       Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің

орындалуы  туралы есебі.

  1. Басқа да мәселелер.

 

 

 

                Мәслихат төрағасы                                  Т.Кадимов