Бүгін Біржан Қайырғалиұлы Куаналиевтің төрағалығымен Жәнібек аудандық мәслихатының «Әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясымен «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының ағымдағы жылғы кезекті бірлескен отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Ж.Ахметов, аудандық мәслихат төрағасы Т.Кадимов, «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Ихсанов, екі тұрақты комиссия мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шарафутдтнов, мәслихат ппаратныңы басшысы Н.Уалиева, ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «2025 - 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданының Ақоба, Борсы, Жақсыбай, Жәнібек, Күйгенкөл, Қамысты, Талов, Тау ауылдық окрутерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, келесі мәселелерге қаражат қарастырылды:
Күйгенкөл ауылдық округі бойынша Үштамақ бөгетінің техникалық төлқұжат жасауға;
Тау ауылдық округі бойынша жаңадан жүргізілген көшелердің электр энергиясын төлеуге;
Ақоба ауылдық округі бойынша су құбырының жұмысын жүргізуге;
Қамысты ауылдық округі бойынша мемлекеттік мекеменің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына;
Талов ауылдық округі бойынша су тазалағыш насосын ауыстыруға (Майтүбек елді мекені);
Жәнібек ауылдық округі бойынша «Жасыл ел бағдарламасына;
Жәнібек ауылында 10 автотұрақ жасауға;
Жәнібек ауылындағы Иманов және Өтемісов көшелерінің қиылысында бағдаршам орнату жұмыстарына;
Борсы, Тегісшіл, Жасқайрат ауылдарына кітапханалар сатып алуға;
Ақоба, Жәнібек және Жақсыбай (Ақоба – көлік жуу, мал бордақылау алаңы, Жақсыбай – мал сою алаңы, Жәнібек - ғимараттармен құрылыстарға қызмет көрсету үшін) ауылдары тұрғындарының сұранысы бойынша кәсіпкерлік мақсатында жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын жасақтауға;
Сонымен қатар кадрлық өзгерістерге байланысты «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты аудандық комиссиясының, «Жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссиясының, «Аудан әкімі жанындағы жастар кеңесінің, «Аудан әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының, «Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер толықтай талқыланып, бекіту үшін алдағы сессияның күн тәртібіне жолданды. Кейін Жәнібек аудандық мәслихатының кезектен тыс 35-ші сессиясы өтіп, тұрақты комиссиялардың күн тәртібіндегі мәселесінің маңыздылығы ескеріліп, депутаттар тарапынан қолдау тауып, бекітілді.