📌Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

📌Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

📍Бүгін аудан әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ескендір Илимисовтің төрағалығымен аталған кеңестің кезекті отырысы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов, қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

Кеңес отырысында Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев хабарлама жасады, Сонымен қатар Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Ақоба, Жақсыбай, Жәнібек, Күйгенкөл, Қамысты, Талов, Тау ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу турасында аталған ауылдық округтердің әкімдері баяндама жасады. 

Кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселелерге оң бағасын беріп, сессияда қаралуға жолдады.

 

✍️Аягөз Әдиева