Аудандық мәслихаттың кезекті 28 сессия отырысы оздырылды.

Аудандық мәслихаттың кезекті 28 сессия отырысы оздырылды.

Бүгін Жаңақала аудандық мәслихатының кезекті 28 сессиясы өтті. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында оздырылған сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі А.Көшкінбаев, аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы К.Каменов ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселесі бойынша Жаңақала ауданының әкімі А.Көшкінбаев Жаңақала ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы жөніндегі жылдық есебін бекіту туралы және Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Хамидуллин Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылғы Жаңақала ауданының бюджетінің орындалуы туралы баяндама жасап, 4 деңгейлі ауылдық округтердің бюджеттерінің салықтық түсімдерін дұрыс жоспарлау,  жер учаскесінің жалдау құқығын сату бойынша бюджеттік түсімдерге бақылау жасау жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Аудан бойынша ауылдық округтерінің әкімдері 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы жөніндегі жылдық есептерімен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, Көпжасар ауылдық округінің әкімі Н.Бектлеу Көпжасар ауылдық округі әкімінің 2025 жылдың 4 айы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін баяндады.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толықтай қаралып, шешімдер қабылданып аудандық мәслихатының кезекті 28-сессиясы өз жұмысын аяқтады.