Бүгін аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Бүгін аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Бүгін С.Сертековтың төрағалығымен және аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысының бірінші, екінші мәселелері бойынша Жаңақала ауданының әкімі А.Көшкінбаев Жаңақала ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы жөніндегі жылдық есебін бекіту туралы және аумақтық дамыту жоспарының іске асырылуы туралы баяндама жасады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Хамидуллин 2024 жылы аудан бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалғаның, бюджеттің кірістер бөлігінің орындалуы бойынша және нақты шығындарын атап өтті.

2024 жылғы Жаңақала ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы жөніндегі жылдық есептері бойынша мәселелері қаралып, талқыланды. Ауылдық округ әкімдері бюджет қаражаттары бойынша жоспардың орындалуын және қанша пайызға игерілгенін түсіндіріп, баяндама жасады.

Аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашыларға сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, өз пікірлерін ортаға салды.