аудандық мәслихаттың саясат, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар ісі, құқық тәртібі, қоғамдық ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өткізілді.

аудандық мәслихаттың саясат, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар ісі, құқық тәртібі, қоғамдық ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өткізілді.
Бүгін, мәслихат депутаты А.Бақиевтің төрағалығымен әлеуметтік саясат, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар ісі, құқық тәртібі, қоғамдық ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы оздырылды. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағасы Қ.Каменов, аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің басшысы Д.Танзенов, Жаңақала ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ж.Есекенов, аудандық мансап орталығының директоры А.Уразалиев, БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңақала аудандық филиалының директоры Г.Асханбаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Бисенбай 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндамаларын жасады.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттардан және мекеме басшыларынан берілген ұсыныстар шешімін табу үшін тиісті мекемелерге жолданатын болады.