Бүгін мәслихат депутаты Ә.Сағыновтың төрағалығымен бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы оздырылды. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағасы Қ.Каменов, аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібіндегі Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджет туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ауылдық округі әкімдерінің баяндамаларын тындап, депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтарын қойып, 4 деңгейлі бюджеттерін тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстарын беріп, мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясының қарауына ұсынылды.