Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын журектен құттықтаймыз.
Конституция мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағыттарын айқындап берді.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңымызда бекітілген Республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Жылдан жылға біздің басты кұндылықтарымыз - Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін!
Әр шаңыраққа құт- береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!