Бүгін мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы А.Тасановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Р. Ғұмар, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия барысында аудандық және ауылдық округтердің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне енгізілетін өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшылары мен мамандар тиісті ақпарат беріп, жоспарланған қаржылық көрсеткіштер мен ұйымдастырушылық шаралар жөнінде баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша аталған мәселелер мәслихат сессиясының қарауына ұсынылды.