Аудандық мәслихаттың кезекті 39-сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті 39-сессиясы өтті
Бүгін Жаңақала аудандық мәслихатының кезекті 39-сессиясы өтті.
 
Отырысты аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы А. Тасанов жүргізді. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі А. Көшкінбаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Р. Уразалиев, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
 
Күн тәртібінде Жаңақала ауданының 2025 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы жөніндегі жылдық есебін бекіту туралы, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы шешіміне өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы шешіміне өзгерістер енгізіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қаржы бөлінді. Атап айтқанда, аудан саябақтарын жөндеуге және су құбырларын тартуға 20 млн 987 мың теңге, №3 ЖОББМ аумағына автотұрақ орнатуға – 6 млн 700 мың теңге, «Жасыл ел» бағдарламасына – 9 млн 600 мың теңге, аулдарға тротуар салуға 40 млн 302 мың теңге. Облыстық бюджеттен әлеуметтік осал топтарға пәтер сатып алуға – 495 млн 500 мың теңге, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға – 25 млн 530 мың теңге, Үшкемпір ауылдарын газбен жабдықтау үшін – 396 млн 390 мың теңге. Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша жауапты мекеме басшылары мен сала мамандары баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
 
Күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия өз жұмысын қорытындылады.