Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты С.Сертеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады.
Қабылдау барысында ауыл тұрғыны Мергентаева Салтанат Бекетовна тұрғын үй мәселесіне байланысты өтініш білдірді. Азаматтың айтуынша, тұрғын үйі авариялық жағдайда болып, шатыр жабындысы мен сенесі әбден тозған. Соның салдарынан жауын-шашын кезінде үй ішіне су кіріп, тұрғын үйдің техникалық жағдайының одан әрі нашарлауына қауіп төндіруде.
Азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, мәселенің мән-жайы зерделенді. Көтерілген мәселе депутаттың бақылауына алынып, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.