Бүгін, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» аудандық Коалициясының жұмысы басталды.

Республикалық бастама аясында құрылған Коалицияның алғашқы отырысында құрамы жасақталып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары нақтыланды. Коалиция төрағасы болып Закария Сисенғали бекіліп, құрамына саяси партия өкілдері, мәслихат депутаттары және қоғамдық ұйым мүшелері, еңбек ардагерлері мен жас белсенділер енді.
Мақсаты конституциялық өзгерістер мен реформалардың мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіру, ауылдық округтерде кездесулер өткізу және азаматтардың сұрақтарына нақты жауап беру.
Мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформаларды қолдай отырып, өңір тұрғындарымен ашық диалог орнатуға және азаматтардың саналы таңдау жасауына атсалысады.