Бүгін Жаңақала аудандық мәслихатының кезекті 36-сессиясы өтті. Сессияға депутаттар, аудан әкімінің орынбасары Р. Ғұмар, мекеме басшылары және БАҚ өкілі қатысты. Отырысты мәслихат төрағасы Қ. Каменов жүргізді.
Күн тәртібінде:

Бірлік ауылдық округі әкімінің 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі;

Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу;

Аудан әкімдігінің дербес құрамы және терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту;

Округтік және аумақтық сайлау комиссиялары құрамына өзгерістер енгізу;

Мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.
Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.