Бүгін, мәслихат төрағасы К. Каменовтың төрағалығымен Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 32 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі А.Көшкінбаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Қажиев, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдерінің міндетін уақытша атқарушылар және бұқаралық ақпарат құралының өкілдері қатысты.
Күн тәртібі бойынша Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №24-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Жаңақала аудандық әкім аппаратының бас маман-заңгері А.Рысқалиева Жаңақала ауданы әкімдігі мен полиция бөлімінің міндеттері мен қызметін бағалау критерийлерін бекіту туралы, аудан әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы, аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесінің құрамын бекіту туралы баяндама жасады.
Одан әрі, аудан бойынша ауылдық округ әкімдері 2025-2027 жылғы бюджет шешімдерінің өзгерістері жөнінде баяндады.
Күн тәртібіне ұсынылған шешім жобалары толықтай қаралып, сессия өз жұмысын қорытындылады.