Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы оздырылды

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы оздырылды
2025 жылдың 1 желтоқсанында Жаңақала аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар ісі, құқық тәртібі және қоғамдық ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы А.Бақиевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағасы Қ.Каменов, аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдерінің міндетін уақытша атқарушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібі бойынша Жаңақала ауданы әкімдігі және полиция бөлімінің міндеттері мен қызметін бағалау критерийлерін бекіту, аудан әкімдігінің дербес құрамын бекіту, аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесінің құрамын бекіту туралы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің 2025 жылдың 10 айында атқарған жұмысы тыңдалып, қылмыстардың ашылу бойынша, соның ішінде ауыры және аса ауыры – 55,6%, ауырлығы орташасы – 77,8%, онша ауыр емесі – 100% құралғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жол көлік оқиғасын болдырмау мақсатында жол-көлік ережесін сақтауды, тасымалдаумен айналысатын жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатырғаны баяндалды.
Одан әрі, аудандық аурухананың 2025 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. 2025 жылы келген барлық жас мамандар тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, 1 дәрігерге 8,5 млн теңге көтермеақы берілгенін, сонымен қатар қазіргі таңда аудан бойынша фтизиатр, кардиолог, неонатолог мамандар жетіспейтінін атап өтті.
Депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Бұл мәселелер аудандық мәслихаттың сессия отырысының қарауына ұсынылды.