Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.
Бүгін Ә.Сағыновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағасы Қ.Каменов, аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, ауылдық округі әкімдерінің міндетін уақытша атқарушылар, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №24-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов баяндамасын жасады.
Кейін аудандық ветеринариялық станциясы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы 2025 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы есебін беріп, бруцеллезге оң нәтиже берген малдардың иелеріне нұсқама беріліп, арнайы мал сою орындарына тапсырылғаны, Қызылоба ауылдық округінен Тәжікстан еліне 220 бас, Өзбекстан еліне 449 бас бұқашықтарды экспортқа шығаруға ветеринариялық сертификаттар рәсімделгені туралы аталып өтті.
Аудандық аумақтық инспекциясының 2025 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы есебінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқаны туралы баяндалды.
Одан әрі, аудан бойынша ауылдық округтерінің әкімдері 2025-2027 жылғы бюджет шешімдерінің өзгерістері жөнінде таныстырып өтті.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер жан-жақты талқыланып, мәслихаттың сессия отырысының қарауына ұсынылды.