Аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Бүгін аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Р.Уразалиевтің төрағалығымен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Байсаловтың арнайы қатысуымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аудан әкімінің м.у.а Е.Кажиев, аудандық мәслихат төрағасы Қ.Каменов, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы және аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы баяндамалар тыңдалды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Сейлбекұлы қазіргі таңда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдегі 85 пайызы аудандық, ауылдық деңгейде көрсетілетін қызметтер, олардың сапасын арттыру өзекті мәселелердің бірі екенін, сол себептен Қоғамдық кеңес отырыстарында осы мәселелерді анықтап, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жолында бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.

Сонымен қатар, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.у.а. С.Турдалиев Жаңақала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 287 қаулысының күші жойылды деп тану туралы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы  14 мамырдағы №17-14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы хабарлама жасап, жобаларға ұсынымдар берілді. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Бекбулатов ұсынған шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін бекітуге қарар қабылданып, келісім берілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, отырыс аяқталды.