2025 жылдың 25 қыркүйек күні Жаңақала аудандық мәслихатының кезекті 30-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Е.Қажиев, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы К.Каменов жүргізді. Күн тәртібінде Жаңажол, Жаңақала, Пятимар, Қызылоба ауылдық округтерінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы маңызды мәселе қаралды.
Мәселе жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар берілді. Қорытындысында, ұсынылған шешім жобасы бірауыздан мақұлданып, сессияда тиісті шешім қабылданды.