Бүгін, 2025 жылғы 25 қыркүйекте аудандық мәслихат төрағасы
К. Каменовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Е.Қажиев, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Комиссия отырысында Жаңажол, Жаңақала, Пятимар, Қызылоба ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы шешімі қаралып, мәслихаттың кезекті XXX сессиясының қарауына ұсынылды. Өзгерістер ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, нақты қажеттіліктерге бағыттау мақсатында ұсынылды. Сонымен қатар, Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Н.Тлекқабылов пен «Коммунал» МКК басшысы А.Тулешов 2025-2026 жылға жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндама жасады. Депутаттар баяндамашыларға нақты сұрақтар қойып, жылыту маусымына қатысты бірқатар ұсыныстар білдірді. Атап айтқанда, дайындық жұмыстарын пысықтап, мерзімінде аяқтау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, ауылдық округ мекеме қазандықтарын қайтадан қарау қажеттілігі баса айтылды.