Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессия отырысы оздырылды

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессия отырысы оздырылды

2025 жылғы 11 қыркүйекте Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Қ.Каменов, аудан әкімі А.Көшкінбаев, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Сессияда екі мәселе қаралды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы баяндаса, мәслихат аппаратының басшысы А.Шайхиев мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы шешімінің күші жойылды деп тану туралы баяндама жасады. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.