Аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Қ.Каменов, аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.Уразалиев төрағалық жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мукановтың аудандық ішкі саясат бөлімінің 2024 жылы және 2025 жылдың 5 айы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндамасы тыңдалып, «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы бойынша мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты, бұл мәселені жан-жақты қарап, толық ақпаратпен қайта ұсыну қажеттілігі туындады. Осыған орай, «Жасыл ел» бағдарламасына қатысты бөлім есебін кейінге қалдыру туралы қарар қабылданды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Бекбулатов аудандық жер қатынастары бөлімінің 2024 жылы және 2025 жылдың 5 айы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндама жасады. Бизнес-жоспар негізінде жер телімдерін алып, алайда жоспарды орындамай отырған бірқатар шаруа қожалықтарына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар айтылды. Осыған байланысты жауапты басқармаға тиісті хат жолдау туралы қарар қабылданды. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Тлекқабылов аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен 2024 жылы және 2025 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндады. Аудан орталығында салынып жатқан құрылыс нысандарында техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, нысан иелеріне құрылыс аумағын тиісті түрде қоршау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныс жасалды. Қоғамдық кеңес мүшелері тарпынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылып, Қоғамдық кеңес өз жұмысын аяқтады.