Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев цифрландыру және елді мекендерді сапалы интернетпен қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Цифрландыру және архив басқармасының басшысы Шалқар Амантұровтың хабарлауынша, қазіргі таңда 2G интернетімен 43 елді мекен, 3G-мен 59 елді мекен қамтылған. 251 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. 189 елді мекен талшықты оптикалық байланыс желісімен орнатылған.
2025 жылы «Кар-Тел» (Beeline) ЖШС 13 базалық станция орнатуды және қолданыстағы 8-ін жаңғыртуды жоспарлауда. «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2) ЖШС 47 базалық станция, «Кселл» (Activ) АҚ – 12 станция орнатуға ниетті.
Мобильді байланыс үшін республикалық және негізгі облыстық автомобиль жолдарында 12 антенна-діңгек құрылғыларын орнату көзделген. Қазіргі таңда 6 АДҚ-ның (Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай аудандарында) жобалық сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасы алынды.
«Мобайл Телеком-Сервис» (Теле2) ЖШС Тараз қаласында 5G технологиясын дамыту бойынша 32 базалық станцияны іске қосты.
Биыл жоғары жылдамдықты (4G) мобильді байланысымен 28 елді мекенді қамту жоспарланған. Мобильді операторлар жеке қаражаты есебінен 5 елді мекенде (Жамбыл, Қордай, Шу аудандары) мобильді байланыс сапасын жақсартты.
Қалған 23 елді мекен бойынша салалық ведомство мобильді байланыс операторлары өкілдерімен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, антенна-діңгек құрылысын соғу қажет координаталарды келісіп, аудан әкімдіктеріне ұсынды.
Спикер мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыс барысы, қатты қалдықтарды басқару саласындағы пилоттық жобаны жүзеге асыру, жер қойнауын пайдалану саласындағы Smart mine жобасы, Ақылды қала бағдарламасы, денсаулық сақтау саласында ЖИ енгізу, сондай-ақ мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз жобалары туралы баяндады.
Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің есептері тыңдалды.
Мобильді байланыс операторларының өкілдері де сөз сөйледі.
Талқылау нәтижесінде облыс әкімі 23 елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты аяқтауды, республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар бойында антенна-діңгек құрылғыларын орнатуға арналған басқа жобаларды жобалау құжаттамасын аяқтауды, Тараз қаласындағы 67 мектепті интернетке қосу үшін Freedom Telecom компаниясының инвестициялық жобасын қолдауды тапсырды.
Сондай-ақ геопортал алаңында 2025-2027 жылдарға арналған аймақта жасанды интеллекттіні дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жүйелі жұмыстарды орындау міндеті қойылды.