– Мәдениетті елдің – мәртебесі биік! Әсіресе, театр өнердің жүрегі іспетті.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Бурабайдың баурайында өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында театрларды салуға және дамытуға баса назар аударуды тапсырған болатын.Жастар театры студиясының құрылуы – аймақтағы айшықты оқиғаның бірі десек қателеспейміз. Игі шара талантты жастарды қолдау, оларды жергілікті жерде тұрақтандыру мақсатына негізделіп отыр.Бұл өнерсүйер көпшіліктің біраз жылдан бері көтеріп жүрген тілек-өтініші, көптен күткен қуанышы.Жамбыл – өнер биігін бағындырған қайраткерлерге бай өңір. Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрсифат Салықова, Мәкен Рақымжанова секілді көптеген театр мен кино өнерінің корифейлері – әулиеаталықтардың ғана емес, тұтас ұлттың мақтаныштары!Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің жанынан құрылған өнер ордасы өңірдегі дарынды өрендер үшін мол мүмкіндіктердің мекеніне айналады деп сенемін. Театр ұжымы шығармашылықтың шыңына шығып, толағай табыстарға қол жеткізе беруіне ниеттеспін! — деді облыс әкімі.
– Елімізде әлеуметтік нысандар, өндіріс ошақтары жылда салынуы мүмкін. Ал театр біраз жылдар мен белестерді артқа тастап, пайдалануға беріледі. Ол да дұрыс шығар. Өйткені жыл сайын ашылатын театрдың қадірі болмасы анық. Біз бұл сәтті асыға күттік. Өнер жанашырларының үніне құлақ асқан облыс басшылығына алғысымыз шексіз! — деді ол.