Жамбыл облысында техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті қызметкерлері біліктіліктерін онлайн режимінде жетілдірді

Жамбыл облысында техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті қызметкерлері біліктіліктерін онлайн режимінде жетілдірді

Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының Жамбыл филиалы Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша 3 күндік семинар өткізді.

Оқыту өнеркәсіп салаларының басым бағыттарын ескере отырып, техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті жүйесі саласындағы қызметкерлер үшін өтті.

Мұндай оқыту жыл сайын бесінші жыл қатарынан өткізіледі, бірақ бұл семинар өткен жылдардан қатысушыларды оқыту форматымен ерекшеленді. Қашықтықтан оқыту форматына Тараз қаласы, Шу, Меркі, Сарысу, Талас және Байзақ аудандарының 100-ден астам қызметкерлері мен кәсіпорын, бизнес құрылымдар, сынақ зертханалары мен мемлекеттік ұйымдарының басшылары қатысты.

Семинардың мақсаты халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары, түрлі деңгейдегі қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру және жетілдіру болып табылады.

Үш күндік семинарда мынандай тақырыптар оқытылды:

- Стандарттау саласындағы заңнама, стандарттау саласындағы жалпы нормативтік-құқықтық база.

- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы практикалық қолдану мәселелері.

- Стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы қолдану арқылы отандық өнімнің сапасын арттыру.

- Мына бағыттар бойынша стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманың қолданылуын түсіндіру: «Халал» өнімдер және химиялық технологиялар.

- Метрология, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құқықтық актілерді практикалық қолдану, халықаралық құқықтық актілер мен құжаттарды практикалық қолдану мәселелері;

- Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау. ЕАЭО елдеріндегі нарықты бақылау мен қадағалаудың заңнамалық негізі. ЕЭО шеңберінде КО/ЕЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы.

- Экспорттың басым елдерінде: Қытайда, Иранда, Түркияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Германияда техникалық реттеу.

Семинар барысында қатысушылар қажетті мәліметтер алып өздерінің қызмет барысында туындаған сұрақтарына толықтай жауап алды.Оқыту семинары болашақтахалықаралық талаптарға сәйкес жоғары сапалы өнім шығаруға, өнімдер мен қызметтер өндірісін жетілдіруде жоғары нәтижелерге дұрыс және тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қатысушылар лектордың біліктілігін жоғары бағалап болашақта стандарттау жөніндегі Ұлттық органмен ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті.