«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізу басталғанын жариялаймыз.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Өтінімдерді  қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 45-97-13, 43-62-38 (Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы) телефондары арқылы алуға болады.

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 1, 5-қабат,
50 кабинет, халықты жұмыспен қамту және еңбек көші-қоны бөлімі, эл.пошта:
ukzsp_taraz@zhambyl.gov.kz

Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы