Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Облыс әкімдігінің ғимаратында Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 7 азамат жазылған, олар Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының тұрғындары.

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі облыс әкіміне әлеуметтік мәселелері бойынша сауалдарын қойды, оның ішінде баспанамен қамтамасыз ету бар.

Бұдан басқа тұрғындар су арналары және жол белгілерін ретке келтіру, медициналық қызметтер көрсетудің сапасына қатысты шағымдарын жолдады.

Өз кезегінде аймақ басшысы тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетінін, ал қабылдауда қойылған сауалдар заң аясында қарастырылатынын жеткізді.

Барлық мәселе шешімін тапқанша бақылауда болады.