Қаракемер ауылы сапалы ауыз су желісіне қосылды

Қаракемер ауылы сапалы ауыз су желісіне қосылды

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту - халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы негізгі мақсаттардың бірі.

Өткен жылы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қолдауымен Жамбыл ауданында 4 елді мекенде ауыз сумен қамтуға жеке модульдік қондырғылар орнатылса, ағымдағы жылы тағы 3 елді мекен ауыз сумен қамтылатын болады.

Осы орайда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды. Құрылыс жұмыстарына мемлекеттен 504 миллион 548 мың теңге қаржы қаралып, 19,4 шақырымға ауыз су тартылды. Құрылысты «Тараз строй 2004» ЖШС қолға алып, бүгінгі таңда бұл жоба сәтті аяқталып отыр. Бүгінде қаракемерліктер үй іргесіне ауыз су құбырын тартып, тұтынып отыр.

Айта кету керек, Жамбыл облысында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша биыл 13,6 млрд. теңгеге 54 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, 32 елді мекенге ауыз су тартылып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 92,0 пайыздан 96,5 пайызға дейін артады деп күтілуде.