Жамбыл ауданында "Қымызмұрындық" этно-фестивалі ұйымдастырылды

Жамбыл ауданында "Қымызмұрындық" этно-фестивалі ұйымдастырылды

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыс аудандарында мәдениет күндері өтуде. Бүгін бұл шара Жамбыл ауданында жалғасын тапты.

Мәдениет күндері аясында «ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ - 2023» этно-фестивалі ұйымдастырылды.

"Almaly resort" этно-туристік орталығында өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы және бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақ халқының ұлттық қазынасына жататын мәдени рәсімнің бірі – Қымызмұрындық тойында қатысушылар алдымен ауданның тарихынан сыр шертетін құндылықтарды көпшіліктің назарына ұсынды.

Жиында аудан өнерпаздары әнен шашу шашып, мерекелі күннің шырайын кіргізді.

Шарада сөз алған Қанатбек Мәдібек фестивалдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Айта кетейік, биылғы жылы мәдениет күндері аясында сараптау комиссиясы әр ауданның мәдениет саласы бойынша жетістігін бағалап, соңында қорытындысын шығаратын болады. Негізгі мәдени іс-шараға баға беретін қазылар алқасы құрамында Облыстық халық шығармашылығы орталығы, кітапхана, музей өкілдері мен музыка, би мамандары қамтылған.

Нәтижесінде үздік деп танылған өнерпаздардың қатысуымен жыл соңында Тараз қаласында Гала-концерт ұйымдастырылып, бас жүлде иеленген ауданға автокөлік және жүлдегер аудандарға түрлі бағалы сыйлықтар табыс етіледі.