Ресми ақпарат

Ресми ақпарат

2023 жылдың 4 қаңтары, сағат 03:00-дегі ақпарат бойынша, қатты дауылдан 7 зардап шеккен (5 -і Талас ауданы, 2-і Тараз қаласында).

Сарысу ауданында орталық аурухана 4 генераторға қосылған. Ауыр науқастар жоқ. Қазіргі уақытта стационарда 40-қа жуық адам ем алуда.

Стационардағы балалар жақын маңдағы автономды жылыту амбулаториясына ауыстырылды.

Жүкті әйелдерге арналған перзентханада жылытуға арналған арнайы құрылғылар қосылған.

Жағдай тұрақталғаннан кейін қысқа мерзімде электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Жуалы, Талас, Жамбыл, Байзақ, Мойынқұм, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында тұрғын үйлер штаттық режимде электр және жылу энергиясымен қамтылуда.