Инвестициялық штабтың жұмысы жалғасуда

Инвестициялық штабтың жұмысы жалғасуда

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді.

Отандық және шетелдік компания өкілдері ағынды суларды биологиялық тазарту, қуаттылығы 300 МВт күн электр стансасын салу, кірпіш зауытының құрылысын жүргізу бойынша жобаларын ұсынды.

Инвесторларға қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, салық салу жүйесіндегі преференциялар тұрғысынан мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға әрбір жобаны жан-жақты зерттеп, қолданыстағы заңнама аясында инвесторларға көмек көрсетуді тапсырды.

– Жергілікті атқарушы органдар қажетті көмектер мен қолдауларды көрсетуі керек. Инвестициялық штаб сол үшін құрылған. Барлық ұсынылған жобалардың тиімділігі жан-жақты зерттелуі керек. Олардың әрқайсысы назарда болуы тиіс, - деп тапсырды Нұржан Нұржігітов.