Облыс әкімдігінде өңірлік жедел штаб отырысы өтті

Облыс әкімдігінде өңірлік жедел штаб отырысы өтті

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет басшысы-еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес Жамбыл облысында жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткен болатын. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік жедел штаб отырысында аталған шаралардың қорытындылары сараланды.

Оқу-жаттығулар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада және Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы полигонда ұйымдастырылды.

- Екі оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау дағдылары пысықталды. Олардың қорытындысымен бірыңғай іс-қимыл алгоритмі қабылданды, - деді аймақ басшысы.

Кеңеске қатысушылар шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талқылады. Құқық қорғау органдарының өкілдері баяндама жасады.

- Аудандық әкімдіктер өңірлік жедел штабпен өзара тығыз байланыста әрекет етуі тиіс. Біз барлық ықтимал нұсқаларды қарастырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін әзірлікті күшейтуге тиіспіз, - деп түйіндеді облыс әкімі.

Басқосу қорытындысы бойынша төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірлескен жедел іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.