БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

         Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов 2021 жылдың 10 қыркүйек күні Меркі және Т.Рысқұлов аудандарына іс-сапармен барды. Іс-сапардың мақсаты, 2021 жылдың 12 қыркүйегіне тағайындалған Меркі ауданының Т.Рысқұлов ауылдық округі және Т.Рысқұлов ауданының Ақбұлақ және Луговой ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын ұйымдастырып өткізуге байланысты сайлау учаскелерінің дайындық жұмыстарымен танысты.  

Кездесу барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауына қатысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланып, тиісті сұрақтарға жауаптар берілді.