Бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімет

Бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімет

Қ. Досаев 2019 ж. 20 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалған болатын.

Ал 2021 ж. 30 шілдесінде Қ. Досаев 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап атқарып отырған Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы   қызметінен босатыла отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тең дәрежелі лауазымына тағайындалды.

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сай, 2021 ж. 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қ.Досаев қызметінен босатылды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі