Аймақ басшысы Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті

Аймақ басшысы Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестіктігі төрағасының орынбасары,  Мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті.

Кездесуде өңірдегі ахуал, облыстық ардагерлер кеңесінің жан-жақты жұмысы, қоғамдық келісім мен ынтымақтастықты нығайту және жастар тәрбиесіндегі аға буынның айрықша үлесі сараланды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ғалым, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық академиясының құрметті академигі Өмірзақ Озғанбаевты мерейлі 80 жас мерейтойымен құттықтап, ізгі-лебізін жеткізді. Оның 200-дей ғылыми танымдық мақаланың, 30-дан астам кітаптың авторы екендігін тілге тиек етіп, ел дамуындағы елеулі еңбегін атап өтті.