Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылуының себебі айтылды

Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылуының себебі айтылды

Кейбір БАҚ мен әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуы Жаңатастағы қайғылы жағдаймен байланыстырылып отыр. Өрт салдарынан шаһарда 5 бала көз жұмған болатын. Бұл екі оқиға бір-бірімен мүлде байланыспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бақытжан Жақсылықовты қызметтен босату туралы шешім өзінің берген өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаймыз.