Таразда Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған кеш өтті

Таразда Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған кеш өтті

"Баласағұн" орталық концерт залында белгілі композитор, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай "Шәмші - ғұмыр" атты шығармашылық кеші өтті.

Айта кету керек, кеш барысында карантиндік талаптар, маска режимі, шахматттық отыру реттігі және әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталды. Залдың тек 30 пайызға ғана толуы негізге алынды.

Туған кезде оған Жәмшид есімі берілген, бірақ жақындары Шәмші деп атап кеткен. Ал халық оны қазақ вальсінің патшасы деп атады. Оның әндері өзінің әуезділігімен барша тыңдармандарын баурап алды. Ел ішінде оның әндерін білмейтін бірде-бір адам жоқ.

- Ұлы маэстро туралы естеліктер оның әрбір өлмес туындыларымен бірге өмір сүреді. Оның әндерін кәрі де, жас та сүйіп тыңдайды. Оларды тыңдай отырып, біздің жанымыз ерекше күй кешеді. Композитордан қалған рухани мұралар халқымыз үшін ерекше құнды десек артық айьпағандық. Біз оның еңбектерін одан әрі насихаттай беруіміз керек. Келер жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық байқау өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жағымды жаңалықпен бөлісіп.

Жүргізушілер жиналғандарға мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Концертте  композитордың "Арыс жағасында", "Отырардағы той", "Ана туралы жыр", "Мойынқұмда", "Қайықта", "Кешікпей келем деп ең", "Дүнген қызы", "Тамды аруы", "Ақ бантик", "Теріскей", "Сыған серенадасы" сияқты қазақстандықтардың сүйіп әрі жиі тыңдайтын әндері шырқалды.

Сахнада елімізде эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев, Досымжан Таңатаров, Бағдат Сәмединова, Саят Медеуов, Кенжебек Жанәбілов және К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония әртістері өнер көрсетті.

А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы" музыкалық драмасының үзіндісін ұсынды.

Концерттің қорытынды нөмірі дәстүр бойынша "Менің Қазақстаным" әні түйінделді.

- Ағам бала кезінен музыкаға жақын болды. Оның әндерін бірнеше буын ұрпақ шын ынтызарлықпен шырқауда. Біздің халқымыз оның әндерін ықыласпен тыңдап, шырқап жатса, ағамның есімі  ешқашан өшпек емес. Бүгінгі концертті ұйымдастырғандарға, барлық қатысушыларға алғыс айтқым келеді, - деді композитордың әпкесі Райхан Қалдаяқова.

Концерттің ұйымдастырушысы болып табылатын мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы концерт залының фойесінде келушілер үшін қолөнершілердің кітаптары мен бұйымдарының көрмесі әзірленді.