COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (18.11.2020)

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (18.11.2020)

Ағымдағы жылдың 18 қарашасындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 10 дерегі тіркелді.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 1994, 1991, 1947 жылдары туған тұрғындар арасында үш жағдай, Жамбыл ауданында 1984 жылы туған тұрғыннан бір жағдай анықталған. Барлығы өз еркімен тексерістен өткен. Симптомдық тасымалдаушылармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ауру ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте симптомсыз алты жағдай тіркелген. Өз өтініші бойынша тексерістен өткен Сарысу ауданының 2000, 1992, 1957, 2000 жылдары туған және Тараз қаласының 1992, 1959 жылдары туған тұрғындары қазір үй карантинінде.

Жалпы, ағымдағы жылдың 18 қарашасындағы мәліметтерге сәйкес Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 4282 жағдайы тіркелген, ауруханалардан 4138 науқас емделіп шыққан.