COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (17.11.2020)

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (17.11.2020)

Ағымдағы жылдың 17 қарашасындағы мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 8 жағдайы тіркелген.

Атап айтсақ, дерт Тараз қаласында 1983, 1966 жылы туған екі тұрғыннан анықталды. Сондай-ақ, Шу ауданында бір (1976 ж.т.), Жамбыл ауданында бір (1942 ж.т.) жағдай тіркелген. Олардың барлығы денсаулығы нашарлап, қаралуға келген кезде тесттен өткен болатын. Науқастармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланып, ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Өткен тәулікте сондай-ақ, 4 адамда симптомсыз түрдегі дерт анықталды. Олар да өздігінен тест тапсыруға ниет білдірген. Атап айтқанда, Т.Рысқұлов ауданының 1985, 1997 ж.т., Тараздың 1986 ж.т. және Жамбыл ауданының 1988 жылы туған азаматтары қазір үй карантинінде.

Жалпы, ағымдағы жылдың 17 қарашасындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4272 дерегі тіркелген, ауруханалардан 4134 науқас емделіп шыққан.